Облыстық ПМПК-ның жанындағы түзеу-диагностикалық топтарда  2019 жылдың 27- ші желтоқсан күні Жаңа жылдық мерекелік ертеңгілік өтті. Мерекеде ертегі кейіпкерлерімен бірге Ақшақардың, Аяз атаның тапсырмаларын орындап, бірге билеп, ойындар ойнап, балалар өте көңілді болды. 

Облыстық психологиялық-медико-педагогикалық консультация» КММ-нің мамандары президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 2 қыркүйегінде халыққа жолдаған Жолдауын талқылап, ойларын бөлісті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған Жолдауында білім беру сапасын мен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартудың бірнеше мәселелеріне тоқталды. Солардың бірі мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше көңіл бөлініп, қолжетімді шағын және орташа оңалту орталықтарының желісін кеңейту арқылы ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін қолайлы мүмкіндік деп түсінеміз.

Тағы бір мәселе, еліміздің зейнетақы жүйесін дамыту саласына енгізілетін жағымды жаңалық: зейнетақы жүйесіндегі жинақтарын белгілі бір мақсатқа пайдалану.

ПМПК туралы жалпы ақпарат:

1) «Мүмкіндігі шектеулі балаларды тексеру және психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер беру» мемлекеттік қызметтер стандарты. 

2) Біздің мекенжайымыз: Ақтөбе қ,Рысқұлов көш. 200Б , эл почта : aktobeopmpk @mail.ru.

Байланыс телефоны: 8(7132) 55-02-84, 55-04-22, 54-41-14.
Өтініштерді қабылдау және қорытындыны беру жұмыс кестесіне сай жүзеге асады:

Күндер Уақыты
Басшылық Мамандар
Дүйсенбі 9.00-17.30 8.30-13.20
Сейсенбі 9.00-17.30 8.30-13.20
Сәрсенбі 9.00-17.30 8.30-13.20
Бейсенбі 9.00-17.30 8.30-13.20
Жұма 9.00-17.30 8.30-13.20

3) Телефон арқылы алдын ала жазылу немесе қызмет алушының тікелей келіп өтініш беруі қарастырылған.

Мемлекеттік қызмет қызмет алушыға тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

  • туу туралы куәліктің көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқасы);
  • бар болса – мүгедектігі туралы қорытындының көшірмесі;
  • денсаулығына байланысты үйде оқыту қажеттілігі туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы (үйде оқитын балалар үшін).

Қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тереңінен тексеру үшін мынадай құжаттарды қосымша сұратады:

  • денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық құжаттама нысандары: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген)№ 112/у «Баланың даму тарихы» нысаны, № 027/у «Амбулаториялық, стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірме» нысаны;
  • білім беру ұйымынан психологиялық-педагогикалық мінездеме;
  • оқыту тілі бойынша, математикадан жазба жұмыстары, суреттері және іс-әрекетінің басқа да нәтижелері.

2019 жылдың 19 наурызында Облыстық ПМПК жанындағы түзеу-диагностикалық тобында «Наурыз-жыл басы!» атты мерекелік ертеңгілік болып өтті. Мақсаты: балаларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы туралы түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрін бойларына дарыту арқылы адамгершілікке, ұлтын сүюге, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Шара барысында балалардың ұлттық санасын оятатын дәстүрімізді қастерлеуге үйрететін «Бәйге», «Асық ату», «Арқан тартыс», «Қыз қуу», «Ханталапай» ұлттық ойындары ойнатылды. Сондай-ақ, ата-аналар мен мамандар арасында мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақ шешуден жарыс ұйымдастырылды.

Облыстық ПМПК жанындағы түзеу-диагностикалық топтарында желтоқсанның 25 күні Жаңа жылға қарсы "Жасыл шырша жанында" атты  мерекелік ертеңгілік өткізілді. Бұл шараның мақсаты - балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастырып, мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру. Сонымен бірге балалардың есте сақтау қабілеттерін дамытып, ой өрістерін кеңейту.Ұқыптылыққа, көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиеленді. Балалар қызығушылығымен шыршаны айналып, би қимылдарын қызығушылықпен орындады. Ата-аналардың ризашылығы шексіз болды.