2020 жылдың қыркүйек айында "Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру"КММ- нің мамандары Ойыл, Мәртөк, Әйтеке би, Хромтау, Мұғалжар, Байганин аудандарының білім беру бөлімдері мен ППТК КММ-нің қолдаухаттарына сәйкес кезекті сапарға шығу отырыстарын өткізді. Отырыстың мақсаты бойынша жалпы білім беретін мектептерде оқитын ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім беру бағдарламалары анықталып, ұсыныстар берілді. Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде білім беру қызметін анықтау және түзету көмегін алу үшін балалар тексеруден өтті. Сонымен бірге педагогтар мен ата-аналарға консультативтік көмек көрсетілді.