2020  жылдың 26 ақпан күні облыстық және қалалық ПМПК мамандары облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірлесе отырып «Инклюзивті жағдайда мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық семинар өткізді. Семинарға облыстық ПМПК мамандарынан ПМПК дефектологі Г.А.Досова, психолог Ю.В.Швайко және сурдопедагог П.М.Саликина қатысып, жалпы білім беретін мекемедегі ерекше білімді қажет ететін балаларды оқыту барысында психологиялық-педагогикалық қолдау туралы әдістемелік көмек көрсетті.