Облыстық ПМПК-ның жанындағы түзеу-диагностикалық топтарда  2019 жылдың 27- ші желтоқсан күні Жаңа жылдық мерекелік ертеңгілік өтті. Мерекеде ертегі кейіпкерлерімен бірге Ақшақардың, Аяз атаның тапсырмаларын орындап, бірге билеп, ойындар ойнап, балалар өте көңілді болды. Шараның мақсаты- балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастырып, ата-аналар мен балаларға мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру. Балалар Аққаламен бірге қар түйіршіктерін лақтырысып, жарысты. Мереке өте көңілді өтті.