Облыстық психологиялық-медико-педагогикалық консультация» КММ-нің мамандары президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 2 қыркүйегінде халыққа жолдаған Жолдауын талқылап, ойларын бөлісті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған Жолдауында білім беру сапасын мен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартудың бірнеше мәселелеріне тоқталды. Солардың бірі мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше көңіл бөлініп, қолжетімді шағын және орташа оңалту орталықтарының желісін кеңейту арқылы ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін қолайлы мүмкіндік деп түсінеміз.

Тағы бір мәселе, еліміздің зейнетақы жүйесін дамыту саласына енгізілетін жағымды жаңалық: зейнетақы жүйесіндегі жинақтарын белгілі бір мақсатқа пайдалану.

Мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, оның ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есеге арттыру, ол келесі жылы 25 пайызға өсу  ретімен төрт жылда жүзеге асатыны анық. Бұл мәселенің педагог мәртебесінде де қолға алынғаны қуантарлық жайт болып табылады.

Осындай өркениетті елдер қатарына қосылуды анықтайтын негізгі салалар білім және әлеуметтік тұрмыс жағдайын жақсартудағы игі істерге сене отырып, Президент Жолдауына үмітпен қараймыз.