2019 жылдың 19 наурызында Облыстық ПМПК жанындағы түзеу-диагностикалық тобында «Наурыз-жыл басы!» атты мерекелік ертеңгілік болып өтті. Мақсаты: балаларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы туралы түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрін бойларына дарыту арқылы адамгершілікке, ұлтын сүюге, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Шара барысында балалардың ұлттық санасын оятатын дәстүрімізді қастерлеуге үйрететін «Бәйге», «Асық ату», «Арқан тартыс», «Қыз қуу», «Ханталапай» ұлттық ойындары ойнатылды. Сондай-ақ, ата-аналар мен мамандар арасында мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақ шешуден жарыс ұйымдастырылды.Балалар мен ата-аналар ұлттық тағамдарымызбен танысып, дәм татты. Іс-шараға қатысқан балалар жағымды әсер алып, көңіл күйлері көтеріңкі болды. Барлық ойындарға ата-аналарымен бірге атсалысып отырды.