Құрметті ата-аналар!
Сіздерге 09. 08. 2021 ж. "Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы"КМК-сіне кіру Ashyg бағдарламасы бойынша мәртебені тексеру арқылы жүзеге асырылатындығын хабарлаймыз. Мәртебені тексеру үшін Ashyg қосымшасын жүктеп алып, телефон номері мен ЖСН-ді енгізу, QR -кодты сканерлеп, тіркеушіге көрсету қажет. Түсінгеніңіз үшін алғыс білдіреміз!

2020 жылдың қыркүйек айында "Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру"КММ- нің мамандары Ойыл, Мәртөк, Әйтеке би, Хромтау, Мұғалжар, Байганин аудандарының білім беру бөлімдері мен ППТК КММ-нің қолдаухаттарына сәйкес кезекті сапарға шығу отырыстарын өткізді. Отырыстың мақсаты бойынша жалпы білім беретін мектептерде оқитын ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім беру бағдарламалары анықталып, ұсыныстар берілді. Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде білім беру қызметін анықтау және түзету көмегін алу үшін балалар тексеруден өтті. Сонымен бірге педагогтар мен ата-аналарға консультативтік көмек көрсетілді.

 «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 короновирусын пандемия деп жариялауына байланысты  азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстанның барлық аумағында 2020 жылдың 16 наурыз  бен 2020 жылдың  15 сәуір аралығында  Қазақстан  президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай жарияланды.   ҚР –ның Білім және ғылым министрінің 14.03.2020 ж. «Пандемия кезінде білім беру ұйымдарында жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  балаларға арналған ұйымдарда COVID-19 короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында шараларды күшейту туралы №108 бұйрығын және Ақтөбе облысының білім басқармасының №2-1301  бұйрығын негізге ала отырып, обл ПМПК КММ-сі 2020 жылдың 17 наурыз бен 15 сәуір аралығында балаларды қабылдауды уақытша тоқтатқандығын хабарлайды.

2020  жылдың 26 ақпан күні облыстық және қалалық ПМПК мамандары облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірлесе отырып «Инклюзивті жағдайда мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық семинар өткізді. Семинарға облыстық ПМПК мамандарынан ПМПК дефектологі Г.А.Досова, психолог Ю.В.Швайко және сурдопедагог П.М.Саликина қатысып, жалпы білім беретін мекемедегі ерекше білімді қажет ететін балаларды оқыту барысында психологиялық-педагогикалық қолдау туралы әдістемелік көмек көрсетті.